Accessibility links

Сауд Арабиясында автокөлік айдаған әйел дүреден аман қалған


Сауд Арабиясында автокөлік тізгінін басқарып отырған әйел. Эр-Рияд, 21 маусым 2011 ж.
Сауд Арабиясында автокөлік тізгінін басқарып отырған әйел. Эр-Рияд, 21 маусым 2011 ж.
Сауд Арабиясының патшасы Абдулла автокөлік айдағаны үшін қамшымен дүре соғу жазасын алған әйелге шығарылған үкімді өзгертті деп хабарлады Ассошиэйтед пресс агенттігі мен патшаның қызы. Бірақ бұл туралы әзірге ресми ақпарат болмай отыр.

Қыркүйектің 27-і күні Сауд Арабиясында сот үкіметтің рұқсатынсыз автокөлік жүргізген Шаима Гасания есімді әйелге қамшымен 10 рет дүре соғу туралы шешім шығарғаны тураы жергілікті құқық қорғаушылар хабарлаған еді.

Бұл елде заң жүзінде әйелдерге автокөлік тізгінін басқаруға тыйым салынбағанымен, шариғатты сылтау етіп, әйелдердің автокөлік айдауын ерсі іске балайды. Сондай-ақ, әйелдердің ерлерсіз жеке қыдырып жүруіне де тыйым салынған.

Бұған дейін Сауд Арабиясының патшасы Абдулла елдегі әйелдер жергілікті сайлауларға қатысып, дауыс беру құқына ие болады деп мәлімдеген болатын. Осы уақытқа дейін бұл елде дауыс беруге әйелдер қатыспайды.
XS
SM
MD
LG