Accessibility links

Парламент сенаты дін туралы заң жобасын қабылдады


Құрбан айт күні Алматының орталық мешітінде намазға келген жамағат. 16 қараша 2010 ж. (Көрнекі сурет)

Құрбан айт күні Алматының орталық мешітінде намазға келген жамағат. 16 қараша 2010 ж. (Көрнекі сурет)

Бүгін Қазақстан парламентінің сенаты жалпы отырысында «Діни қызмет және діни ұйымдар туралы» жаңа заң жобасын мақұлдады.

Қазақстанның діни істер жөніндегі агенттігінің жетекшісі Қайрат Лама Шариф заң жобасында елде діни ұйымдарды құру, мемлекеттік тіркеу, қайта құру және таратудың жүйелі тәртібі белгіленгенін, сондай-ақ енді діни бірлестіктің айқындалған мәртебесі болатынын айтады. Жаңа заң жобасында діни қызмет туралы заңды бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны айтылған.

Құқық қорғаушылар осы заң жобасының ережелері адам құқықтарының негізгі қағидаларына сай келмейтіндігін айтып, оны сынға алған еді. Жақында «Фридом Хаус» халықаралық құқық қорғау ұйымы бұл заң жобасы қазақстандықтардың діни бостандығын шектейтіндігін атап көрсетіп, өз алаңдаушылығын білдіріп мәлімдеме жариялады.
XS
SM
MD
LG