Accessibility links

АҚШ-та "террорлық шабуылға дайындалған" деген күдікпен бір адам ұсталды


АҚШ конгресінің сыртқы көірінісі. 23 тамыз 2011 жыл.

АҚШ конгресінің сыртқы көірінісі. 23 тамыз 2011 жыл.

АҚШ федералдық тергеу бюросы Массачусетс штатының тұрғыны, 26 жастағы Резван Фердаусты "Пентагон мен конгрестің ғимараттарына шабуыл ұйымдастырмақ болған" деген күдікпен ұстады.

Бостон университеті физика бөлімінің түлегі Резван Фердаус қашықтан басқарылатын ұшу аппараттарына жарылғыш зат орнатып, террорлық шабуыл жасауды жоспарлаған дейді тергеушілер. Федералдық агенттер күдіктіні ұстағанға дейін өздерін онымен ниеті бір адам ретінде көрсетіп, сеніміне кірген.

Тергеу орындарының айтуынша, Резван Фердаус террорлық жарылыс жоспарлағанға қоса "әл-Қаида" ұйымын бомба жасауға қажетті материалдармен қамтамасыз етуге талпынған деген күдікке ілініп отыр.
XS
SM
MD
LG