Accessibility links

Египет саяси күштері талаптары орындалмаса сайлауға бойкот жарияламақ


Экс-президент Хосни Мүбәраққа қарсы шеруге шыққандар полиция күштерімен бетпе-бет тұр. Каир, Египет, 5 қыркүйек 2011 жыл.

Экс-президент Хосни Мүбәраққа қарсы шеруге шыққандар полиция күштерімен бетпе-бет тұр. Каир, Египет, 5 қыркүйек 2011 жыл.

Египетте 60-қа жуық саяси партиялар мен қозғалыстар елдің әскери басшылығына жексенбіге дейін сайлау заңнамасына өзгерістер енгізу туралы талап қойды.

Олар бұл талап орындалмаса, қарашаның 28-іне тағайындалған парламент сайлауына бойкот жариялайтындарын ескерткен. Парламентте тәуелсіз кандидаттарға бөлінген орындарға саяси партия мүшелерінің түсе алмайтыны туралы заң бабын өзгертуді талап етіп отыр.

Әскери басшылыққа жолданған мәлімдемеге қол қойғандардың арасында «Мұсылман бауырлар» сынды ықпалды қозғалыстар да бар.

Жыл басында Египетте бірнеше апталарға ұласқан халық наразылығы ақпан айында президент Хосни Мүбәракты қызметінен кетуге мәжбүр еткен соң елде билікті жоғары әскери кеңес уақытша атқарып отыр.
XS
SM
MD
LG