Accessibility links

Қазақ делегациясы Кабулда Ауғанстан басшылығымен кездесті


Ауғанстан мен Қазақстанның мемлекеттік тулары.
Ауғанстан мен Қазақстанның мемлекеттік тулары.
Сейсенбі күні Кабулда Ауғанстан президенті Хамид Қарзай бастаған үкімет мүшелері Қазақстанның төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко бастап барған делегациямен кездесті. Екі тарап сауда, білім, шикізат өндіру және көлік салаларына қатысты келісімдерге қол қойған.

«Біз екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға бағытталған кез-келген қадамға ықылас білдіреміз», - деген Хамид Қарзай.

Ауғанстан сауда министрі Әнуар Ахадидің айтуынша, қол қойылған құжаттардың арасында 500 мың тонна Қазақстан астығын Ауғанстанға экспорттау туралы келісім де бар.

Сонымен бірге келесі жылы Ауғанстан мен Қазақстан арасында әуе байланысын ашу жоспарланып отыр. Ал Түркіменстан арқылы салынып жатқан темір жол желісі болашақта Қазақстанды да Ауғанстанмен жалғастырмақ.

Қазақстан делегацисының басшысы Владимир Божко жақыннда қастандық құрбаны болған Ауғанстанның бұрынғы президенті Бурхануддин Раббанидің қазасына байланысты Хамид Қарзайға көңіл айтқан.
XS
SM
MD
LG