Accessibility links

Германия парламенті Еуропа қаржы тұрақтылығы қорын кеңейтуді мақұлдады


Германия канцлері Ангела Меркель

Германия канцлері Ангела Меркель

Германия парламентінің төменгі палатасы экономикалық дағдарыстағы еуропалық елдерге төтенше көмек көрсететін қордың өкілеттігін күшейтуді қолдап дауыс берді.

Германия канцлері Ангела Меркельдің басшылығы үшін маңызды сынақ ретінде қарастырылған бұл дауыс берулерде Еуропа қаржы тұрақтылығы қорына көбірек билік беруді 523 депутат қолдаған, 85 депутат бұған қарсы болған және 3 заңшығарушы қалыс қалған.

Экономикалық дағдарысқа ұшыраған ел үкіметтеріне көмектесу үшін аталмыш қордың құқықтарын кеңейту жөніндегі бұл мәселе енді жұма күні германиялық парламенттің жоғарғы палатасында қаралады.

Еуропа қаржы тұрақтылығы қорының кеңеюі үшін оны евро валютасын пайдаланатын 17 елдің барлығы мақұлдауы тиіс. Финляндия парламенті бұл шараны сәрсенбіде бекітті.
XS
SM
MD
LG