Accessibility links

«Қазақ Гагаринінің» ғарышқа алғашқы да соңғы ұшу сапары


Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров.
Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров.

Бұдан 20 жыл бұрын ғарышқа тұңғыш қазақ – Тоқтар Әубәкіров ұшты. Азаттық радиосына берген сұқбатында ғарышкер одан кейін не себепті ғарышқа ұшпағанын, екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаевпен қарым-қатынасы туралы, оппозициядағы қызметі жайлы айтып берді.


ЕКІ МЕРЕКЕ

– Тоқтар мырза, осыдан жиырма жыл бұрын, 1991 жылғы қазанның 2-сінде ғарышқа ұштыңыз. Сізді осы айтулы мерекеңізбен құттықтаймыз. Бұл күнді қалай, қандай ортада атап өтесіз?

– Ол күнді өзімнің достарымның арасында атап өтемін. 12 сәуір мен 2 қазан - мен үшін ашық есік күні. Тағдыр маған Қазақстанда ғарышқа ұшқан тұңғыш қазақ болуымды жазды. Бұл екі күнді атап өтемін. Олар мен үшін парыз ретінде қалыптасып кетті. 12 сәуір – дүниежүзілік ғарышкерлер күні. Бұл күні Юрий Гагарин алғаш ғарышқа ұшты. Ол адамзатқа ғарыш есігін ашты.

2 қазан – мен ғарышқа ұшқан күн. Қазақ халқы бұл күнді қатты күтті. Мен ғарыштан оралғанда не болғанын сіз елестете алмайсыз. Ондайды ұшқанға дейін де, одан кейін де өмірімде көрген емеспін. Алматыда, Қызылордада, Аралда табанымды жерге тигізген жоқ. Көліктер қатар жүріп отырды.

Мен бұл мерекені достарымның арасында атап өтемін. Кімдер құттықтап
Ондайды мен ұшқанға дейін және одан кейін де, өмірімде көрген емеспін. Алматыда, Қызылордада, Аралда мені жерге түсірмей, қолдарына тік көтеріп алды.

келеді дейсіз бе? Меніңше, көп адам келеді. Әдетте көптеген адам жиналатын. Ал биыл... қанша дегенмен 20 жыл толады ғой. Биыл бұл күнді үйімде емес, мейрамханада атап өтуді жөн деп таптым. Себебі барлық адам бірдей сия бермейді. Сол себепті 2 қазан күні сағат 14.00-де пәлен деген мейрамханада ашық есік күні жалғасады деген хабарландыруым ілініп тұр.

– Интернетте қоғамдық және саяси қайраткерлердің Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан сіздің ғарышқа ұшқаныңызды ерлік деп бағалап, 2 қазанды Қазақстанның ғарыш күні деп жариялауды сұраған хаты жарияланды. Бұл жайында пікіріңіз қандай? Биліктен қандай жауап күтесіз?

– Бұл сұраққа жауап бермей-ақ қояйын. Себебі өзім жайлы айта беру маған жараспайды. Өзім туралы айта алмаймын. Менен сұрады, мен істедім. Одан кейінгісі – халықтың шаруасы.

Әрине, қол қойғандардың аты-жөнін мен қайта қарап шықтым. Бұл аз болса да қазақ зиялыларының көрінісі деп ойлаймын. Олар бірнәрсені қабылдады, мен енді оған қатысты түсінік бере алмаймын.

«БІР ГАГАРИННІҢ ӨЗІ ЖЕТКІЛІКТІ»

– Бұдан жиырма жыл бұрынғы оқиғаларға оралайықшы. Не себепті ғарышқа бір-ақ рет ұштыңыз?

– Мен ары қарай да жұмыс істеуге дайын едім. Бір рет ұшып көрсең, үйреніп аласың. Бірақ президент Назарбаев сол уақытта «Бір Гагариннің өзі жетеді» деген шешім қабылдады.

– Ол сіздің денсаулығыңызға алаңдады ма, сізді сақтағысы келді ме?

– Иә, мені сақтағысы келді. Меніңше, кез-келген мемлекет басшысы,
Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров екі оппозицялық партияның бірігу съезінде. Алматы, 24 қазан 2009 жыл.

үлкен саясаткер сондай шешім қабылдар еді. Менің ұшқым-ақ келді. Бірақ ол рұқсат етпеді.

– Ғарышқа ұшуға рұқсат етпеді ме әлде ұшақтың штурвалына отыруға мүлдем тыйым салды ма?

– Назарбаев: «Ұшуды мүлдем доғар. Болды!» деді.

– Сіз бұған өкінбейсіз бе?

– Қалай айтсам екен... Ұшуға келісімді әуелі өзім бердім ғой. Келістім екен, онда неге мен басқа да ұстаныммен келіспеске? Егер алғашында келісімімді бермегенде, онда ары қарай ешқандай тыйым салу болмайтын еді. Мен ұшқан болар едім... Бірақ алғашында өз келісімімді берген екенмін, демек оны орындауым керек.

– Өзіңізді кейде керексіз адам сияқты сезбейсіз бе?

– Ондай сезім бар... Ер адам барлығы болуы мүмкін деп ойлайды. Назарбаевтың жасы жетпісте. Бірақ ол әлі жұмыс істеп отырғой. Неге мен 65 жасымда жұмыс істей алмаймын? Әрине, істей аламын. Денім сау. Дәрігерлер мені он екі мүшесі сау адам деп таныды.

«МАҒАН БҰЛ КЕҢІСТІК ҰНАМАЙДЫ»

– Жалпы, өзіңізді мемлекеттік істерден шеттетіліп қалдым деп ойламайсыз ба?

– Солай айтуға болады. Бірақ мен бұл жолды оппозиция қатарына өту арқылы өзім таңдадым ғой. Мен кеңістіктен шығып кеттім, бұл кеңістік маған ұнамады.

– Ол сізге несімен ұнамады?

– Аясы өте тар болды

– Бірақ сіз қайта келдіңіз ғой. Қазақстан президентінің кеңесшісі болдыңыз.

– Мен қызметтегі генерал болдым. Сол кездегі Жоғарғы бас қолбасшыдан отставкаға жіберуін сұрағанымда, ол жібермеді. «Генералдар әзірге менің өзіме қажет. Сондықтан қызметіңізге кірісіңіз» деді. Сөйтті де мені тағайындап жіберді. Ол 1995 жылы болатын.

«БАЙҚОҢЫРДЫ ЕКІ ТАРАП БІРДЕЙ ПАЙДАЛАНУЫ КЕРЕК»

– Қазақстанның ғарыш саласының дамуына атсалыса алмағаныңызға көңіліңіз толмай жүрген жоқ па?

– Мен өз кеңестерімді ақпарат құралдары арқылы жеткізуге тырысамын. Ақылды адамдар мұның бәрін түсінеді деп ойлаймын. Егер осының бәрінен қандай да бір нәтиже шығатын болса, ол тамаша. Мен мұны көріп, сезіп, біліп жүрмін. Бізде қазір тығыз байланыс болмаса да, ол ақпарат құралдары арқылы жүріп отырады.

– Сіздің қандай ойларыңыз, ұсыныстарыңызға құлақ асты? Олардың іске асып жатқандары бар ма?

– Мен бірлескен кәсіпорын құру туралы баяғыда-ақ айтқанмын, қазір де айта беремін. Байқоңыр ғарыш айлағын бірлесе пайдаланылуға тиіспіз. Оны бірде бір мемлекет өз бетінше игеріп кете алмайды. Тіпті Ресейдің өзі де бірнеше ғарыш айлағы бола отырып, айналып келгенде Байқоңырды
Оларды оқытуға, қомақты қаржы табылды, бірақ ұшыруға болмашы ғана ақша табылмай қалды.

таңдауы мүмкін. Бірақ олар Байқоңырды бізбен бірге пайдалануын жалғастыра беретін жағдай жасау керек.

– Бірақ Байқоңырды әлі күнге дейін жалға береді ғой.

– «Бәйтерек» деген бірлескен кәсіпорын құрылған болатын. Мүмкін, бұл аз болатын шығар. Бірақ бұл үлкен істің басы ғана.

– Сонда Қазақстанда ғарыш саласының дамуынан үміттісіз ғой?

– Иә, үмітпен қараймын. Адамдар келеді-кетеді, бірақ қашан да ауыс-түйіс болып отырады.

– Сіздің ізбасарыңыз бар ма? Қазақтың тұңғыш ғарышкері ретінде Қазақстаннан үшінші ғарышкер шығады деп айта аласыз ба?

– Міндетті түрде шығады. Екі адам дайындалды. Оларды оқытуға қомақты қаржы табылды, бірақ ұшыруға болмашы ғана ақша табылмай қалды. Мұнда біздің қазақтың «сәл күте тұрайық, ешкім ешқайда қашып кетпейді» деген мінезі алға шығып кетті.

– Оған қаржылық қиындықтар себеп болды ма?

– Меніңше, аздап болған сияқты.

ҒАРЫШҚА ҰШУ ҮШІН РЕСЕЙ АЗАМАТТЫҒЫ КЕРЕК

– Сіз бұдан бұрын Жұлдызды қалашықта білім алған Мұхтар Аймаханов ғарышқа ұшуға ұшуға мүмкіндігіне ие болу үшін Ресей азаматтығын алғысы келеді деген едіңіз. Одан кейінгісінен хабарыңыз бар ма?

– Мен онымен таяуда ғана кездестім. Валентина Владимировна Терешковамен де сөйлестім. Ол ұлы әйел, адам ретінде де маған ұнайды. Одан Мұхтар Аймахановқа көмек беруін сұрадым. Ол уәде берді, енді нәтижесін күтеміз.

– Қазақстанның азаматтығы бар ғарышкерлерде әлі күнге дейін ғарышқа ұшу мүмкіндігі жоқ қой?

– Жоқ. Қазақстандық ғарышкерлерге ондай мүмкіндік алу үшін ақшасы, барлық жағдайы болуы керек. Бұл тым болмағанда халықаралық станцияны қолдау үшін қажет. Егер солай болғанда, бәрі ойдағыдай болатын еді.

«ДУБЛЕР - ҚАШАН ДА ДУБЛЕР»

– Қазақтың екінші ғарышкері Талғат Мұсабаевпен қарым-қатынасыңыз қалай?

– Қалай дейсіз бе? Ол жұмысында жүр. Мен зейнеткер адаммын. Ол жұмысбасты адам. Мен оппозициядамын. Сондықтан, әрине, бізде сондай жақын байланыс жоқ. Бірақ қандай да бір іс-шараларда бір-бірімізді шақырамыз. Менің адам ретіндегі көзқарасым оныкінен мүлдем бөлек.

– Ғарышкер ретінде бір-бірлеріңізді түсінбейсіздер ме?

– Сіз сұрақты мүлдем ойланбай қойып отырсыз. Бұныңыз не сұрақ? "Бірге жұмыс істейсіз бе?" деп сұрағыңыз келе ме?

– Жоқ. Бірақ бір кездері ол сізді қайталады ғой?

– Дублер - қашан да дублер болып қалады (күлді – Азаттық радиосы). Одан өзге не керек?

– Осы жылдың басында Астанада «Ғарыш - адамзаттың игілігі үшін» атты конференцияда сіз ақпарат құралдарына Талғат Мұсабаевтың сол конференцияда өзінің мерейтойын да атап өткісі келгенін ренішпен мәлімдедіңіз.

– Шамасы, солай болды да. Бірақ неге ренішпен дейсіз? Мен ренжіген жоқпын, фактілерді айттым.

– Яғни ол кісімен қандай да бір бас араздығыңыз жоқ қой?

– Ондайымыз мүлдем жоқ. Менің ұстанымым - егер сен адами құндылықтармен өмір сүретін болсаң, онда сені құрметтеймін. Егер ол басқа құндылықтарды ұстанатын болса, онда, мейлі, бауырым болса да, оны құрметтей алмаймын.

– Сіздер неге бірлесе, бір-біріңізбен кеңесе отырып жұмыс істемейсіздер?

– Ол мені шақырмайды. "Мен оппозициядамын, ол жерде жұмыс істемеймін, ол жақтан өзім кеттім" деп айттым ғой. Ал сіз бізді бір жолға түсіргіңіз келгендей "неге бірлесе жұмыс істемейтіндігімізді" білгіңіз келеді. Солай ма? Сізге оның шенеунік, өзімнің оппозиционер екенімді айттым ғой.

– Конструктивті түрде дегім келіп отыр. Сонда оппозиция билік өкілімен ынтымақтаса алмай ма?

– Егер оппозицияны солай ынтымақтаса жұмыс істеуге шақырса, онда болады. Әрине, мені тыңдауға ықыласы бар адам болса тыңдайды ғой.

ОППОЗИЦИЯ

– Оппозициялық «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясындағы қызметіңіз жайлы айтыңызшы. Ол партияда немен айналысасыз?

– Отырамын, темекі тартамын (күлді – Азаттық радиосы). Қандай да бір мәселеде шешім қабылдауға, жаңа бір бағдарлама түзуге, әсіресе үкіметке Қазақстанның болашағын анықтауда көмек көрсетуге атсалысамын. Мұнда біз барлығымыз бірге кеңесе отырып, қандай да бір ымыраға, келісімге келеміз, сосын оны жариялаймыз. Партияның өз бағдарламасы бар. Жыл сайын ол бағдарлама бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып отырамыз.

– Қазақстанда «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясын ешнәрсе істемейді деп сынайды. Мұнымен келісесіз бе?

– Негізі келісемін. Олай емес деп айта алмаймын. Бұл жерде мәселе мынада: біз жұмыс істей бастасақ, билік бірден белсенділік таныта бастайды - бізге халықпен кездесетін орындар бермейді, үлкен қалаларда жиындарымызды өткізуге рұқсат бермейді. Ал халық мұны әрекетсіз отыр деп қабылдайды.

Бірақ біздің ақылымыз эмоциямыздан жоғары тұрады. Егер біз үкіметтің, мемлекеттің шешімін сынасақ, халыққа жақындап, барлығын айта бастасақ, онда құрылыс алаңдарындағы сияқты төбелес басталар еді. Сіз шамасы, ол туралы естіген боларсыз. Ол жайында бірнеше рет хабарлады. Осы жерде өз мүлкін қорғағандар бұзақылар деп талады, қамалды. Ал бізді сабағандар – билік.

– Оппозицияда жүргеніңізге өкінбейсіз бе?

– Мен оппозицияға өзім кеттім. Алдымен барлығын сараптап, таразыға тартып көрдім. Сосын кеттім.

– Туған жеріңіз Қарқаралыға соңғы рет қашан бардыңыз?

– Қыркүйектің 10-ы күні болдым. Ол жерге жиі барып тұрамын. Халық о
Сөйтсек, сол кезде әрбір милиционерге «жүз граммнан» беріп, алға салып қойыпты. Міне, бүгінгі билік осылай жұмыс істейді.

баста қалай қарсы алса, қазір де солай қарсы алады. Ол жерде көтерілген халық емес, бәрін істетіп отырған билік.

– «Азат» ЖСДП басшыларының өткен жылдың маусым айында Қарқаралы тұрғындарымен кездесуінде биліктің сіздерді қаладан, өз атыңыздағы көшеден қуып шыққанын айтып отырсыз ба?

– Иә, соны айтып отырмын. Керісінше ол кезде бүкіл халық келді. Бұл билікті арандатты. Сөйтсек, сол кезде әрбір милиционерге «жүз граммнан» беріп, алға салып қойыпты. Міне, бүгінгі билік осылай жұмыс істейді.

– Осыдан кейін сіздерден кешірім сұрады ма, қандай да бір жауап болды ма?

– Кешірім сұрағандар мен өтініш айтқандар болды. Мен мұның барлығына күле қараймын.

– Тоқтар мырза, сұхбатыңызға рақмет.
XS
SM
MD
LG