Accessibility links

Тараз түрмесінен екі тұтқын қашып кеткен


Абақты терезесі. (Көрнекі сурет)

Абақты терезесі. (Көрнекі сурет)

Бүгін таңертең Тараз қаласындағы түрмеден екі тұтқын қашып кеткені туралы «Интерфакс-Казахстан» агенттігі хабарлады.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз-қызметінің хабарлауынша, жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат сегіз шамасында Тараздағы ЖД-158/2 қамау мекемесінен қашқан екеу ұрлық жасағаны үшін сот үкімімен үш жылға бас бостандығынан айрылған азаматтар.

Қазіргі уақытта қашқындарды ұстау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады аталған комитеттің баспасөз-қызметі.
XS
SM
MD
LG