Accessibility links

Мамандар киіктердің "шөпті көп жегендіктен қырылғанын" айтады


Қазақ жеріндегі киіктер. (Көрнекі сурет)

Қазақ жеріндегі киіктер. (Көрнекі сурет)

Батыс Қазақстан облысында биыл мамыр айында киіктердің қырылуына олардың «шамадан тыс көп шөп жеуі» себеп болған деп түсіндірді Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі киіктер өлімін зерттеуге тартқан мамандар.

Осы мәселе бойынша бүгін Астанада Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аң шаруашылығы комитетінде өткен жиында зерттеу жұмыстарының нәтижесін жария еткен мал дәрігері, вирусолог Әділқасым Жақыпбаев «киіктер шық басқан шұрайлы шөпті шектен тыс көп жеп, іші кеуіп өлген» деп мәлімдеді.

Комитеттің дерегі бойынша, биыл Батыс Қазақстан облысында қырылған киік саны 500 басты құраған. Ал былтыр онда 12 мың бас киік өлген. Өткен жылы мемлекеттік органдар киіктердің өліміне пастереллез ауруы себеп болған деген байлам жасаған еді.
XS
SM
MD
LG