Accessibility links

Қазақстан президенті жастарды ғылым саласында жұмыс істеуге шақырды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жастарды ғылым саласында белсенді жұмыс істеуге шақырды деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Назарбаев бұл сөзін бүгін Ақордада өз атындағы арнайы стипендияны он магистрант жасқа табыс ету шарасы кезінде айтқан.

«Егер мен сіздердің жастарыңызда болсам және менен: «Кім болғың келеді? Балаларыңның кім болғанын қалар едің?» деп сұраса, мен саясаткер немесе президент болуды айтпасым анық. Мен оларды (балаларды) ғылымға бағыттайтынымды айтар едім, әрине, егер қабілеттері болса. Мерей де, игілік те, құрмет те сонда», - деген Нұрсұлтан Назарбаев.

Ол конкурстық комиссия стипендияға лайықтыларды жеті мың үміткердің арасынан таңдап алғанын айтқан.
XS
SM
MD
LG