Accessibility links

Медведев Путиннің "беделі өте биік" екендігін айтты


Ресей президенті Дмитрий Медведев (сол жақтан екінші) ресейік үш телеарнаға сұқбат беріп отыр. Горки, Мәскеу, 29 қыркүйек 2011 ж.

Ресей президенті Дмитрий Медведев (сол жақтан екінші) ресейік үш телеарнаға сұқбат беріп отыр. Горки, Мәскеу, 29 қыркүйек 2011 ж.

Ресей президенті Дмитрий Медведев өзінің алдағы президент сайлауына үміткер ретінде қазіргі премьер-министр Владимир Путиннің кандидатурасын ұсынғанын "ол қазір елде беделі өте биік саясаткер" деп түсіндіреді.

Бұл туралы Дмитрий Медведев Ресейдің үш телеарнасына берген сұқбатында мәлімдеген.

Ол алдағы сайлаудың нәтижесі қазірден белгілі екендігі туралы айтылып жүрген сөздерді "арандатушы әрі жауапсыз мәлімдемелер" деп сынады.

Сонымен бірге Дмитрий Медведев үкімет жетекшісі Владимир Путин екеуінің алдында тұрған бір мақсат - желтоқсанда өтетін Мемлекеттік дума сайлауы мен келесі жылы наурыздағы президент сайлауында жеңіске жету екендігін атап айтқан.
XS
SM
MD
LG