Accessibility links

Қоқан-лоққы көбейген соң, Белград гейлер шеруін өткізбеуі мүмкін


Сербия ішкі істер министрі Ивица Дачич.

Сербия ішкі істер министрі Ивица Дачич.

Сербия ішкі істер министрлігі егер ұйымдастырушыларға қоқан-лоққы көрсету жалғаса беретін болса, онда қазанның 2-і күні Белград қаласында болады деп жоспарланған гейлер шеруі өтпеуі тиіс деп мәлімдеді.

Сербия ішкі істер министрі Ивица Дачичтің айтуынша, қазіргі кезде ондай қауіп деңгейі жоғары деп бағаланып отыр.

Адын ала жоспар бойынша, шеру өтетін күні оған қатысатын гейлер мен лесбийлерді экстремистік топтардың қаскөйлік іс-әрекеттерінен қорғау үшін бес мыңға жуық полиция қызметкерлері жұмылдырылады деп белгіленген еді.
XS
SM
MD
LG