Accessibility links

Астанада екі қабатты ғимарат құлап, бір адам қаза болған


Ескі үй қирандыларын төгетін орын. (Көрнекі сурет)
Ескі үй қирандыларын төгетін орын. (Көрнекі сурет)
Бүгін Астана қаласында иен тұрған екі қабатты ескі ғимарат құлап түсіп, соның салдарынан бір кісі мерт болып, тағы бір адамның жараланғаны туралы Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құрастырмалы құрылыстан тұрғызылған ескі ғимараттың аумағы 40 шаршы метр бөлігі жұма күні таңертең құлап түскен.

Құтқарушылар қиранды астында қалып зардап шеккен 34 жастағы ер адам аршып алып, ол ауруханаға жеткізілген. Арада біршама уақыт өткенде қиранды астынан тағы бір ер адамның жансыз денесі табылған.
XS
SM
MD
LG