Accessibility links

Йеменде әлемдегі аса қауіпті терроршының өлгені хабарланды


Әнуар әл-Аулаки.

Әнуар әл-Аулаки.

Йемен билігі әлемдегі ең қауіпті терроршылардың бірі ретінде көптен іздеуде жүрген Әнуар әл-Аулакидың өлгені туралы хабарлады.

Оның бірнеше серігімен қоса үкімет әскері жүргізген операция кезінде қаза болғаны ғана айтылады.

АҚШ-та туған әл-Аулакидың есімі радикалды исламшыл топтың өкілі ретінде танымал. Ол кезінде араб түбегінде ұйымдастырып, басқарған «әл-Қаида» ұйымының бөлімшесі ең белсенді террорлық топтардың біріне айналды.

АҚШ пен өзге бірқатар елдердің арнайы қызметтері бірнеше террорлық қылмыстарды ұйымдастыруға әл-Аулакидың қатысы бар деп санайды.
XS
SM
MD
LG