Accessibility links

Журналистерді қорғау комитеті тәжік билігін Мухаммадюсуф Исмоиловты босатуға шақырды


Қамаудағы тәжік журналисі Мухаммадюсуф Исмоилов. 21 маусым 2011 ж.
Қамаудағы тәжік журналисі Мухаммадюсуф Исмоилов. 21 маусым 2011 ж.
Журналистерді қорғау комитеті ресми Душанбеден тәжік журналисі Мухаммадюсуф Исмоиловты қудалауды доғаруға шақырды.

Былтыр қараша айында "Нури зиндаги" газетінің тілшісі Мухаммадюсуф Исмоиловтың жемқорлық пен биліктің заңсыз істері туралы жазған мақаласы жарияланғаннан соң бір күн өткенде Худжандте тұтқындалған еді. Тергеушілер оған жала жабу, ұлттық, нәсілдік және діни дүрдараздықты өршіту, бопсалау қылмыстары бойынша айыптар тақты.

Исмоиловтың ісі бойынша өтіп жатқан сотта кеше прокурор судьядан айыпкерге 14 жыл түрме жазасын беруді сұрады.

Құқық қорғаушылар мен журналистің әріптестері Мухаммадюсуф Исмоиловты кәсіби қызметі үшін тапсырыс бойынша соттап жатыр деп санайды.
XS
SM
MD
LG