Accessibility links

Соңғы сөз дайындауға екі күн сұраған Юлия Тимошенкоға сот рұқсат бермеді


Юлия Тимошенко сотта сөйлеп тұр. Киев, 29 қыркүйек 2011 ж.

Юлия Тимошенко сотта сөйлеп тұр. Киев, 29 қыркүйек 2011 ж.

Бүгін Киев соты Ресеймен газ келісімдерін жасаған кезде қызмет өкілеттігін асырған деген айып бойынша ісі қаралып жатқан Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконың өзіне соңғы сөз дайындауға дүйсенбіге дейін мұрсат беру туралы айтқан өтінішін қанағаттандырмай тастады.

Жұма күнгі сот отырысында тараптардың жарыссөздері аяқталған соң судья екі сағатқа үзіліс жариялады. Тимошенконың адвокаттары бұл уақыт соңғы сөз дайындауа жеткіліксіз деген пікір білдірді.

Бұған дейін прокурор соттан Юлия Тимошенконы 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

Өзіне тағылып отырған айыптардың ешқайсысын мойындамайтын Юлия Тимошенко саяси қуғынның құрбаны болып отырғанын айтады.
XS
SM
MD
LG