Accessibility links

Еуропа одағы Минскіден саяси тұтқындарды босатуды талап етті


"Шығыс әріптестігі" саммитіне қатысқан елдер басшылары. Варшава, 30 қыркүйек 2011 ж.

"Шығыс әріптестігі" саммитіне қатысқан елдер басшылары. Варшава, 30 қыркүйек 2011 ж.

Варшавада бүгін аяқталған "Шығыс әріптестігі" бағдарламасына қатысушы елдердің саммитінде Еуропа одағына мүше 27 елдің жетекшілері Беларусь билігінен елде түрмеде отырған саяси тұтқындардың бәрін дереу босатуды және түгелдей ақтауды талап етіп мәлімдеме таратты.

Мәлімдеме авторлары Беларусь елінде адам құқықтарының ахуалы нашарлап бара жатқанына алаңдаушылық білдірген.

Бұның алдында Варшава саммитіне келген Беларусь делегациясы осы жиынды ұйымдастырушыларды Минскіні "кемсітетін" көзқарас ұстанды деп айыптаған еді.

Бұған дейін Еуропа одағы Александр Лукашенкоға қарсы санкция жариялағаны себепті бұл саммитке Беларусь президенті шақырылған жоқ.
XS
SM
MD
LG