Accessibility links

Пәкістанда әкімді өлтірген полицей өлім жазасына кесілді


Қамауға алынған полиция қызметкері Мәлик Мумтаз Хуссайн Кадри. Исламабад, 5 қаңтар 2011 жыл.
Қамауға алынған полиция қызметкері Мәлик Мумтаз Хуссайн Кадри. Исламабад, 5 қаңтар 2011 жыл.
Пәкістан соты Пенджаб әкімі Салман Тасирді өлтірген полиция қызметкерін өлім жазасына кесті.

Бүгін судья Первез Әли Шах Рауальпиндидегі Адияла түрмесінде жабық есік жағдайында өткен сотта Мәлик Мумтаз Хуссайн Кадриді өлім жазасына кесу туралы шешім шығарды.

Осы жылы қаңтардың төртінде Тасирді өлтірген Кадри полиция қызметкері болған. Ол бұрынғы әкімді исламға тіл тигізген адамға өлім жазасын кесетін заңға өзгеріс енгізуге шақырғаны үшін өлтіргенін айтты.

"Франц пресс" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, үкім шығарылған кезде түрме алдында ондаған адам жиналып, Кадриді қолдайтын ұрандар айтқан.
XS
SM
MD
LG