Accessibility links

Тараз түрмесінен қашқан тұтқындар ұсталды


Тараз қаласындағы түрмеден қашып кеткен екі тұтқын ұсталды деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз-қызметінің мәліметінше, жұма күні түрмеден қашқан екі тұтқын сенбіде Тараз орталығындағы бір пәтерде ұсталған. Қазір тергеу ісі жүріп жатыр деп хабарланды.

Тараздағы ЖД-158/2 қамау мекемесінен қашып, кейін ұсталған екі тұтқын ұрлық жасағаны үшін сот үкімімен үш жылға бас бостандығынан айрылған азаматтар делінеді.
XS
SM
MD
LG