Accessibility links

Ауғанстанда Хаккани желісі басшыларының бірі ұсталды


Хаккани желісінің негізін қалаған Жалалуддин Хаккани. Пәкістан 22 тамыз 1998 жыл.

Хаккани желісінің негізін қалаған Жалалуддин Хаккани. Пәкістан 22 тамыз 1998 жыл.

Бүгін НАТО жетекшілік ететін күштер Ауғанстанда Хаккани желісі қолбасшыларының бірін ұстағандарын хабарлады.

Хажи Мали Хан осы аптада елдің шығысындағы Пактия уәлаятындағы операция барысында тұтқындалған. Халықаралық қауіпсіздік күштерінің мәліметінше, ол Сираж және Бадруддин Хакканилердің немере ағасы болып табылады.

Хажи Мали Хан өткен жылы Пактия уәлаятында содырлар лагерін құрған делінеді.
XS
SM
MD
LG