Accessibility links

Нью-Йорктегі наразылық шарасында 700-дей кісі қамауға алынды


Нью-Йорк қаласының полициясы ірі көшелерде көлік жүрісіне кедергі келтірген 700-ге жуық адамды қамау алғанын айтты. Олар Бруклин көпірімен жүруге тырысқанда, көлік кептелісін тудырған.

Нью-Йоркте екінші апта "Уолл стрит көшесін басып ал" қозғалысы елдегі жұмыссыздық пен АҚШ банктерінің несие жүйесіне наразылық акциясын өткізіп келеді.

Шерушілер бұрынғы Дүние жүзілік сауда үйінің маңында шатырлар тігіп алған. Осындай үкіметке қарсы шерулер Бостон, Чикаго және Сан-Франциско қалаларында да өтті.
XS
SM
MD
LG