Accessibility links

Алматы қаласында қазақ тілін қолдау акциясына 500-дей адам жиналды. Оған елдегі қоғамдық және мәдениет қайраткерлері және жастар қатысқан.

Митингті ұйымдастырушылар "бұл акция орыс тіліне қарсы емес, тек қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуді көздеген акция екенін" айтқан. Оған қатысушылар қолдарына қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін қолдаған ұрандар ұстап тұрды.

Сарыарқа кинотеатры жанындағы алаңда өткен шара қалалық әкімшіліктің рұқсатымен өтті.

Осыған дейін елдің ұлт белсенділері Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық хат жазып, Конституциядан мемлекеттік қазақ тілімен қатар тұрған орыс тілін қолдану жөніндегі бапты алып тастауды сұраған.

Қазақстанда мемлекеттік тіл - қазақ тілі болғанымен, ресми орындарда негізінен ресми тіл мәртебесіндегі орыс тілі үстемдік құрған.
XS
SM
MD
LG