Accessibility links

Павлодар облысында жол-көлік апатынан бес адам қаза болды


Жол-көлік апаты. (Көрнекі сурет)
Жол-көлік апаты. (Көрнекі сурет)
Жексенбі күні кешке Павлодар облысында жол-көлік апатынан бес адам қаза болған.

Бұл туралы хабарлаған Қазақстан төтенше министрлігінің деректері бойынша, Павлодар-Қызылорда күре жолының 48-ші шақырымында «Мерседес» жүк машинасы мен «Фольксваген» жеңіл автокөлігі соқтығысқан.

Апат салдарынан «Фольксваген» көлігі өртенген, онда келе жатқан жүргізуші мен төрт жолаушы жан тапсырған.
XS
SM
MD
LG