Accessibility links

Иракта бүлікшілер қолындағы ғимаратқа шабуылда 9 адам қаза болған


Ирак картасы.
Ирак картасы.
Ирактың батысындағы Анбар провинциясында орналасқан Хан әл-Багдади қаласындағы әкімшілік ғимаратын басып алған бүлікшілерге қарсы үкімет қауіпсіздік күштерінің екі сағатқа жалғасқан шабуылы барысында 9 адам қаза болып, тағы үшеуі жараланған.

Олвардың алтауы - бүлікшілер, ал қалған үшеуі бұған дейін солар кепілге алған полиция қызметкерлері деп хабарланды. Кепілде ұсталған үшеудің қандай жағдайда қаза болғаны әзірге белгісіз қалып отыр.

Негізінен сүнниттер тұратын Анбар провинциясындағы Хан әл-Багдади қаласының әкімшілік ғимаратын бүгін таңертең қарулы бүлікшілер басып алған еді.
XS
SM
MD
LG