Accessibility links

БҰҰ Сомалидегі террорлық шабуылды айыптады


Жарылыс болған жерден жараланған адамды әкетіп барады. Могадишо, Сомали, 4 қазан 2011 жыл.
Жарылыс болған жерден жараланған адамды әкетіп барады. Могадишо, Сомали, 4 қазан 2011 жыл.
БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Сомалиде сейсенбі күні болған террорлық шабуылды айыптады.

Қазанның 4-і Сомали елінің астанасы Могадишо қаласында білім министрлігі ғимаратының алдында жанкешті жүк көлігіне орнатылған жарылғыш затты жарып жіберген еді. Соның салдарынан 70-тен аса адам қаза тауып, 150-ге жуық кісі жараланған. Билік орындары қаза тапқандардың көпшілігі студенттер деп хабарлады.

Бұл террорлық жарылыс үшін жауапкершілікті "әл-Қаида" ұйымымен байланысы бар "аш-Шабаб" исламшылдар тобы өз мойнына алды. Бұл топ Сомалидің оңтүстігі мен орталық аудандарына бақылау орнатқан.

Сомалидің өз ішінде қарулы жанжал 1990 жылдардың басынан бері жалғасып келеді. Халықаралық қауымдастық заңды деп таныған орталық билік елдің азғантай бөлігін ғана өз бақылауында ұстап отыр.

Сомалидегі кешегі террорлық шабуылды АҚШ мемлекеттік департаменті де айыптады.
XS
SM
MD
LG