Accessibility links

Сербияда "экстремист" деген күдікпен алты адам ұсталды


Гейлер жұбы. (Көрнекі сурет)
Гейлер жұбы. (Көрнекі сурет)
Сербия астанасы Белград қаласында жексенбі күні гейлер шеруін өткізбек болғандарға қарсы қоқан-лоққы жасаған экстремистік топтармен байланысы бар деген күдікпен алты адам ұсталған.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, ұсталғандардан бейсбол ойнауға арналған таяқтар мен қара бетперделер табылған.

Бұған дейін қазанның 2-і күні Белград қаласында болады деп жоспарланған гейлер шеруіне қарсы қоқан-лоққы жасаудың үдеп кеткенін алға тартқан билік қандай да бір шеру өткізуге тыйым салып, полиция қала орталығына күшейтілген бақылау орнатқан еді.

Шерудің орнына гейлер елдегі жыныстық азшылық топтардың құқықтары туралы пікірталас өткізумен шектелді.
XS
SM
MD
LG