Accessibility links

Хаккани тобы: "Бурхануддин Раббанидің өліміне қатысымыз жоқ"


Хаккани тобының негізін қалаған Жалалуддин Хаккани.

Хаккани тобының негізін қалаған Жалалуддин Хаккани.

Хаккани тобы Ауғанстанның бұрынғы президенті Бурхануддин Раббанидің қазасына өзінің қатысы жоқ екендігін айтты. Бұл туралы Би-Би-Си тілшісіне берген сұқбатында топтың негізін қалаған Жалалуддин Хакканидің ұлы Сирадж Хаккани мәлімдеген. Бұл адам Хаккани тобы жүргізетін операцияларды үйлестіруде маңызды роль атқарады делінеді.

Сонымен бірге ол Пәкістанның арнайы қызметтерімен Хаккани тобының байланысы жоқ деп мәлімдеген.

Бұған дейін Ауғанстан билігі қыркүйектің 20-ы күні Кабулда экс-президент Раббаниді қастандықпен өлтірген жанкештінің пәкістандық бүлікшілер тобымен байланысы бар деген күдігін айтқан еді.

Биыл жазда Кабулда жасалған бірнеше шабуылды да Хаккани тобы жасаған деп санайтын АҚШ ресми өкілдері Пәкістанның арнайы қызмет органдары осы шабуылды жасағандарға қолдау танытады деп мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG