Accessibility links

"Оксфам" ұйымы ауған әйелдерінің болашағына алаңдайды


"Оксфам" халықаралық ұйымының белгісі.
"Оксфам" халықаралық ұйымының белгісі.
"Оксфам" халықаралық қайырымдылық ұйымы өзінің жаңа баяндамасында Ауғанстандағы әйелдердің болашағына алаңдаушылық білдірген.

Баяндамада АҚШ бастаған батыс елдері коалициясының күштері террорға қарсы күресті бастаған 2001 жылдан бері Ауғанстанда әйел құқығының жағдайы біршама жақсарғаны айтылған. Мәселен, елде мектепке баратын қыз балалар қатарының артқаны, ауған парламентіндегі орындардың 28 пайызы әйелдердің үлесінде екендігі атап көрсетілген.

Сонымен бірге, "Оксфам" ұйымы Ауғанстанда әйелдер әлі де жиі зорлық-зомбылық құрбанына айналып отырғандығын, тәліптер қыздар білім алатын мектептерге шабуыл жасап, өздері ықпал жүргізетін аймақтарда әйелді төмендетіп ұстайтындығын жазады.

Ауғанстаннан шетел әскері шыққан соң елде әйелдердің ахуалы нашарлап кетуі мүмкін деп ескертіп отырған "Оксфам" ұйымы ауған билігін тәліптермен бейбіт келісімге барған жағдайда әйелдер құқығын қамтамасыз етуді назардан шығармауға шақырды.
XS
SM
MD
LG