Accessibility links

Минск "Шығыс әріптестігі" бағдарламасына қатыса беретінін мәлімдеді


Беларусь сыртқы істер министрі Сергей Мартынов.
Беларусь сыртқы істер министрі Сергей Мартынов.
Беларусь сыртқы істер министрі Сергей Мартынов Еуропа одағының "Шығыс әріптестігі" бағдарламасына қатысудан ресми Минскінің бас тартпайтындығын мәлімдеді.

"Біз Варшава саммитіне қатысқан жоқпыз, бірақ Беларусь "Шығыс әріптестігі" бағдарламасында қала береді", - деген Сергей Мартынов.

Өткен аптада Варшаваға жиналған "Шығыс әріптестігі" бағдарламасына қатысушы елдердің саммитінде Еуропа одағына мүше 27 елдің жетекшілері Беларусь билігінен елде түрмеде отырған саяси тұтқындардың бәрін дереу босатуды және түгелдей ақтауды талап етіп, Беларусь елінде адам құқықтарының ахуалы нашарлап бара жатқанына алаңдаушылық білдірген мәлімдеме жасады.

Бұған дейін Еуропа одағы Александр Лукашенкоға қарсы санкция жариялағаны себепті Варшава саммитіне Беларусь президенті шақырылған жоқ. Сондықтан Варшаваға келген Беларусь делегациясы осы жиынды ұйымдастырушыларды Минскіні "кемсітетін" көзқарас ұстанды деп айыптап, оған қатысудан бас тартқан еді.

"Шығыс әріптестігі" бағдарламасы Еуропа одағын Армения, Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Молдова және Украинамен жақындастыру мақсатында құрылған.
XS
SM
MD
LG