Accessibility links

Арменияда көшкіннен соң 7 адам жоғалып кетті


Тау жолында көшкін астында қалып қойған автокөлік. Айрум, Армения, 2 қазан 2011 ж.

Тау жолында көшкін астында қалып қойған автокөлік. Айрум, Армения, 2 қазан 2011 ж.

Арменияда таудағы көшкіннен кейін хабар-ошарсыз кеткен 7 адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Олардың төртеуі - Грузияның, қалғандары Армения азаматтары деп хабарланып отыр.

Құтқару жұмыстарына қатты жаңбыр мен жартастың опырылып құлап түсіп жатқаны қиындатып отырғандығы айтылады.

Бұған дейін жексенбі күні Арменияны Грузиямен жалғайтын жолда 35 автокөлік тау көшкінінің астында қалып қойып, екі адамның зардап шеккені туралы ақпарат тараған еді.
XS
SM
MD
LG