Accessibility links

Данияда жаңа үкімет қызметіне кірісті


Хелле Торнинг-Шмидт.

Хелле Торнинг-Шмидт.

Данияда қыркүйекте өткен парламент сайлауында жеңіске жеткен социал-демократтар жетекшісі Хелле Торнинг-Шмидт бүгін патшайым ІІ Маргретеге ел үкіметінің жаңа құрамын таныстырды.

Жаңа үкіметтің құрамына солшыл бағыттағы үш партияның өкілдері еніп отыр. Хелле Торнинг-Шмидттің өзі ел тарихында премьер-министр қызметіне тағайындалған тұңғыш әйел болып отыр.

Сыртқы істер министрлігін социалистік халықтық партия жетекшісі Вилли Совандаль басқарады, салық қызметіне жауапты үкімет мүшесі Тор Педерсеннің жасы 26-да. Үкімет құрамында 14 ер және 9 әйел бар.

Соңғы 10 жыл бойы Данияда билік басында болған оңшыл күштер енді оппозицияға айналды.
XS
SM
MD
LG