Accessibility links

Дін және Сіз


Құрбан Айт намазында құлшылық қылып тұрған жәмиғат. Алматы, 16 қараша 2010 жыл
Құрбан Айт намазында құлшылық қылып тұрған жәмиғат. Алматы, 16 қараша 2010 жыл

Қазақстандағы діни ахуал жиі талқыланатын тақырыпқа айналды. Парламентте мақұлданған “Діни қызмет және діни ұйымдар” туралы заң жобасына қатысты қоғамда алуан түрлі пікір бар. Осы тұста Азаттық радиосы өзінің Форумханасын “Дін және сіз” тақырыбына арнайды.

Бұл мәселеге қатысты сауалдарымыз:

1. Дін туралы жаңа заңның соңғы жобасына қатысты пікіріңіз қандай? Неге қолдайсыз, я қолдамайсыз?

2. Орта мектептерде оқытылатын дінтану негіздері пәні туралы не білесіз?

3. Қоғамдық орындар мен оқу ғимараттарында қыздардың мұсылманша киінуіне рұқсат беру керек пе?

4. Академиялық жоғары оқу орындарында студенттерді теологиялық мамандықтар бойынша оқыту қаншалықты дұрыс әрекет болмақ?


Ойларыңызды 6 қазан сағат 14.00 мен 21.00 арасында (Алматы уақыты) осы форумның астына жазып, пікірталасқа қатысыңыздар.
XS
SM
MD
LG