Accessibility links

Венесуэла басшысы Беларусь президентінің атына мақтау айтты


Венесуэла президенті Уго Чавес (сол жақта) пен Беларусь президенті Александр Лукашенко. Минск, 16 қазан 2010 ж.

Венесуэла президенті Уго Чавес (сол жақта) пен Беларусь президенті Александр Лукашенко. Минск, 16 қазан 2010 ж.

Беларусь Венесуэлада темір жол, трактор және кірпіш зауыттарын, сондай-ақ 20 мың тұрғын үй салатыны туралы келісімге дүйсенбі күні Каракаста Венесуэла президенті Уго Чавес пен беларусь үкіметінің өкілдері қол қойды.

Беларусь қаупісздік кеңесінің басшысы Виктор Шейманмен кездескеннен кейін журналистер алдында сөйлеген сөзінде Уго Чавес екі елдің күшімен Венесуэлада газ құбырын салу мүмкіндігін талқылағандарын айтты. Венесуэлада табиғи газ қоры бар.

Чавес сонымен бірге Венесуэлаға стратегиялық жобаларды жүзеге асыруды жылдамдатуға қажжетті технологиялық жәрдем бергені үшін Беларусь президенті Александр Лукашенконың атына мақтау айтты.
XS
SM
MD
LG