Accessibility links

Нобель бейбітшілік сыйлығы үш әйелге берілді


Нобель сыйлығы иегеріне берілетін медаль.

Нобель сыйлығы иегеріне берілетін медаль.

Либерия президенті Эллен Джонсон Сирлиф, Либериялық белсенді Лейма Гбови және йемендік құқыққорғаушы Тауаккул Карман 2011 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығына ие болды.

Нобель сыйлығы комитетінің шешімінде бұл сыйлық оларға «әйел құқығы мен қауіпсіздігі үшін бейбіт жолмен күрескені және бітімгершілік процесіне қатысқаны үшін берілгендігі» айтылған.

Либериялық саяси белсенді Лейма Гбови 2002 жылы бейбітшілік үшін әйелдер қозғалысын ұйымдастырды. осы қозғалыстың қолдауымен 2006 жылы Либерия тарихында тұңғыш рет әйел адам - Эллен Джонсон Сирлиф ел президенті болып сайланды.

Тауаккул Карман 2005 жылы Йеменде сөз бостандығы мен демократиялық құқықтар үшін күресетін "Шынжырсыз журналист әйелдер" құқық қорғау тобын құрды. 2007 жылдан 2010 жылға дейін Карман Йемен астанасы Сана қаласындағы Азаттық алаңында үнемі шерулер ұйымдастырды.

Қалыптасқан дәстүр бойынша, Нобель бейбітшілік сыйлығын иегерге Норвегияның Нобель комитеті салтанатты жағдайда табыс етеді.
XS
SM
MD
LG