Accessibility links

Әзербайжанда оппозиция белсенділері сотталды


Әзербайжан құқық қызметкерлері «Мусават» партиясы жастар ұйымының төрағасы Турал Аббаслыны (ортада) сот залынан алып шығып келеді. Баку, 12 тамыз 2011 ж.

Әзербайжан құқық қызметкерлері «Мусават» партиясы жастар ұйымының төрағасы Турал Аббаслыны (ортада) сот залынан алып шығып келеді. Баку, 12 тамыз 2011 ж.

Әзербайжан соты дүйсенбі күні оппозицияның үш белсендісінің әрқайсысын 2,5 жылға бас ботстандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Сот оппозициялық «Мусават» партиясы атқару органының жетекшісі Ариф Гаджилыны, «Мусават» партиясы жастар ұйымының төрағасы Турал Аббаслыны және Халық майданы партиясының өкілі Мұхаммед Меджидлині қоғамдық тәртіпті бұзуға және билік өкілдеріне қарсылық көрсетуге әрекет жасамақ болғаны үшін айыпты деп таныды.

Бұл үшеуі биыл сәуірде билікке қарсы наразылық акциясына шыққанда ұсталған еді. Олармен бірге жауапқа тартылған Халық майданы партиясы төрағасының орынбасары Фуад Кахраманли екі жыл мерзімге шартты жаза алғанын айтты.

Сотта сөйлеген сөзінде Мұхаммед Меджидли саяси күресті түрмеде отырған кезде де жалғастыра беретіндігін мәлімдеген.

Сотталушыларды қолдауға жиналған оппозиция өкілдері мен журналистерді үкім оқылған кезде сот үйіне кіргізбей қойған. Олардың арасында Халық майданы партиясының төрағасы Әли Каримли мен «Мусават» партиясының жетекшісі Иса Қамбар болған.

Бұған дейін, тамыздың 25-і күні Әзербайжан соты билікке қарсы наразылық акциясына байланысты алты адамды бір жарым жылдан үш жыл мерзімге дейін бас еркіндігінен айырған еді. Тағы төрт белсендіге қарсы сот істері әлі аяқталған жоқ.

Осылардың барлығы өздерінің саяси көзқарасы үшін билік тарапынан қудаланып жатқандарын айтады.
XS
SM
MD
LG