Accessibility links

Moody’s агенттігі британдық 12 банктың рейтингісін төмендетті


Moody’s рейтинг агенттігінің белгісі.
Moody’s рейтинг агенттігінің белгісі.
Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі бүгін британдық 12 банктың рейтингісін төмендеткенін жариялады. Олардың арасында мемлекет меншігіндегі RBS және Lloyds банктері де бар.

Агенттіктің мәлімдемесінде, қазіргі қалыптасып отырған жағдайда бұл банктер үкімет жәрдеміне зәру бола қалса, ондай көмек алуға мүмкіндіктері азайғаны айтылған.

Сонымен бірге Moody’s жекелеген банктердің рейтингісінің төмендеуі Ұлыбританияның банк жүйесі әлсіреген дегенді білдірмейді деп қадап айтқан.

Халықаралық агенттіктің бұл хабарынан соң банктердің акцияларының құны үш пайыздан аса арзандады.
XS
SM
MD
LG