Accessibility links

Путин Еуразия одағын құруды қалайтынын айтты


Ресей премьер-министрі Владимир Путин. Мәскеу, 26 қыркүйек 2011 жыл.
Ресей премьер-министрі Владимир Путин. Мәскеу, 26 қыркүйек 2011 жыл.
Ресей премьер-министрі Владимир Путин бұрынғы совет мемлекеттерін "Еуразия одағына" біріктіруге шақырды.

Бүгін "Известия" газетінде шыққан мақаласында Путин бұрынғы совет елдерінің ынтымақтастығын нығайту мақсатындағы жобаны жариялады. "Еуразия үшін жаңа интеграциялық жоба: бүгіннен басталатын болашақ" деп аталатын мақала президент сайлауына бес ай уақыт қалғанда жарияланып отыр. Осыдан он күн бұрын 2012 жылғы сайлауға Путиннің түсетіні белгілі болды.

Путиннің айтуынша, Беларусь пен Қазақстанды қамтитын қазіргі Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік жаңа одақтың құрылуына негіз бола алады.
XS
SM
MD
LG