Accessibility links

Брюссельде НАТО мүшелері Ливия мәселесін талқылайды


НАТО-ның Брюссельдегі штаб-пәтерінде ұйымға мүше елдер қорғаныс министрлерінің жиыны өтіп жатыр. Бельгия, 5 мамыр 2011 жыл.
НАТО-ның Брюссельдегі штаб-пәтерінде ұйымға мүше елдер қорғаныс министрлерінің жиыны өтіп жатыр. Бельгия, 5 мамыр 2011 жыл.
Бельгия астанасы Брюссельде НАТО ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлерінің кеңесі басталады. Оның күн тәртібіндегі негізгі мәселе - Ливиядағы операция жайы.

НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссеннің айтуынша, Солтүстік Атлантика одағына мүше елдердің бірлескен күші операцияны аяқтауға жақын, алайда әзірге ол туралы шешім қабылдау жоспарланбаған.

Сонымен бірге, кеңесте НАТО-ның Ауғанстандағы стратегиясы және Косоводағы шектелімді құрамы туралы сөз болмақ. Бұдан өзге, қорғаныс министрлері Еуропадағы зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін құру мәселесін де талқыламақ.
XS
SM
MD
LG