Accessibility links

Палестиналықтар АҚШ делегациясына аяқ киім лақтырды


Палестина жетекшісі Махмуд Аббас (оң жақта) пен АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта батыс жағалаудағы Рамалла қаласында кездесті. 3 қазан 2011 жыл.

Палестина жетекшісі Махмуд Аббас (оң жақта) пен АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта батыс жағалаудағы Рамалла қаласында кездесті. 3 қазан 2011 жыл.

Сейсенбі күні Иордан өзенінің сол жағалауына келген АҚШ ресми делегациясының жолын бөгеген бір топ палестиналық оларға қарсы аяқ киім лақтырып, "Масқара!" деп айқайлады. Араб халықтарында аяқ киім лақтыру - жек көрудің белгісі.

Жергілікті полиция наразы топты ығыстырып тастаған соң АҚШ делегациясының сапары жалғасты.

Өткен айда Палестина басшылығы БҰҰ-ға мүше болу үшін ресми өтінішін тапсырған еді. Израиль мен АҚШ бұған келіспей отыр.

Вашингтон Палестинаға мемлекет құру мәселесін Израильмен келіссөздер арқылы шешуді ұсынып, бұл мәселе бойынша БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің қарарына вето қоятынын ескерткен.
XS
SM
MD
LG