Accessibility links

АҚШ БҰҰ қарарына вето қойған Ресей мен Қытайды сынады


БҰҰ-дағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Сьюзан Райс. 18 ақпан 2011 ж. (БҰҰ қорындағы фото)

БҰҰ-дағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Сьюзан Райс. 18 ақпан 2011 ж. (БҰҰ қорындағы фото)

АҚШ сейсенбі күні Біріккен ұлттар ұйымы қауіпсіздік кеңесінің отырысында Сирияға қатысты қарар қабылдауға қарсы вето қойған Қытай мен Ресейді сынады.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Сьюзан Райс қауіпсіздік кеңесі "Сириядағы жағдай салдарынан аймақтағы қауіпсіздікке төнген қатерді елеусіз қалдырды" деп мәлімдеді. "Кейбір елдер Сирия режиміне қару-жарақ сатқанды жөн көреді" дейді Райс.

Бұған дейін Қытай мен Ресей дипломаттары Сирияға қарсы санкция енгізуді қолдамайтындарын мәлімдеп, құжатқа ол елдің ішкі ісіне араласуға болмайтындығы туралы бап қосуды талап еткен еді.

БҰҰ деректері бойынша, Сирияда қазіргі билікке қарсы жаппай халық наразылығы басталған уақыттан бері үкімет күштерімен қақтығыстарда екі жарым мыңнан астам адам мерт болған.
XS
SM
MD
LG