Accessibility links

Грекияда бүгін жаппай ереуіл өтіп жатыр


Грек полициясы бұрынғы қаржы министрлігі ғимаратының алдын күзетіп тұр. Афина, 4 қазан 2011 жыл.
Грек полициясы бұрынғы қаржы министрлігі ғимаратының алдын күзетіп тұр. Афина, 4 қазан 2011 жыл.
Бүгін Грекияда үкіметтің бюджетті үнемдеу үшін ұсынған жаңа шараларына қарсы 24 сағаттық жаппай ереуіл өтіп жатыр.

Ереуілге мемлекеттік мекеме қызметкерлері, көптеген жеке меншік компаниялардың жұмысшылары қатысып отыр. Әуе компанияларының диспетчерлері де ереуілге қосылғандықтан, Грекияға келіп-кететін бағыттардың барлығында бір тәулік бойы ұшақ қатынасы болмайды деп хабарланды. Қоғамдық көліктер мен Эгей теңізі арқылы өтетін паром қатынасы, мектептердегі сабақ тоқтатылады. Ауруханаларда тек кезекші бөлімдер ғана жұмыс істейді.

Ел астанасы Афина қаласында жаппай наразылық шеруі өтпек.

Үкіметтің бюджетті үнемдеуге бағытталған шаралары 30 мың мемлекеттік қызметкердің жұмыс орнын қысқартып, жаңадан мүлік салығын енгізуді көздейді. Қарыз қыспағына түскен грек үкіметі Еуропа одағы мен Халықаралық валюта қорынан кезекті қаржылай көмек траншын алуға мұқтаж болып отыр.
XS
SM
MD
LG