Accessibility links

Қазақстан Литваға "АЛЖИР" тұтқындары туралы құжаттарды берді


Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «АЛЖИР» мұражай-кешеніндегі жазу. Ақмол кенті, 12 сәуір 2010 жыл.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «АЛЖИР» мұражай-кешеніндегі жазу. Ақмол кенті, 12 сәуір 2010 жыл.

Қазақстан Литваға "АЛЖИР" («Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагері») түрмесінде тұтқында болған литвалық азаматтарға қатысты құжаттарды бергені туралы бүгін Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев хабарлаған. Бұл жөнінде "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі ақпарат таратып отыр.

«Менің тапсырмам бойынша, біздің мамандар қазақстандық архивті зерттеу жөнінде үлкен жұмыс атқарып, қуғын-сүргінге ұшырап, сталиндік абақтыда қамауда болған литвалық азаматтардың істері туралы бірнеше том дайындады. Бұл материалдарды мен бүгін Литва прездентіне табыс еттім», - деген Астанадағы баспасөз мәслихатында президент Назарбаев.

Оның айтуынша, Литва президентінің Қазақстанға сапары аясында "АЛЖИР" лагерінде азап шеккен литвалықтарды еске алу үшін мемориалдық тақта ашылады.

Литва президенті Дали Грибаускайте Қазақстанда ресми сапармен жүр. Оның сапар бағдарламасында Қазақстан президентімен, үкімет жетекшісімен, сондай-ақ парламент мәжілісінің төрағасымен кездесулер жоспарланған.
XS
SM
MD
LG