Accessibility links

Қазақстан биыл күзде 14 мың адамды әскер қатарына шақырмақ


Қазақ қарулы күштерінің сарбаздары. (Көрнекі сурет)

Қазақ қарулы күштерінің сарбаздары. (Көрнекі сурет)

Биыл күзде Қазақстан қарулы күштерінің қатарына 14 мыңнан астам адам шақыру жоспарланып отырғаны туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әскер қатарына шақырылғандардың ісін қарайтын арнайы комиссия ең әуелі олардың біліміне, мамандығына, отбасылық жағдайы мен дене бітіміне, сондай-ақ әскери дайындығына баса назар аударатын болады делінген министрліктің хабарламасында.

Егер шақырылған азаматтың денсаулық жағдайы талапқа сай болмаса, ондай адамдар аэромобиль бөлімшелері, әскери-теңіз және әуе қорғанысы күштерінің қатарына жарамайтындығы айтылған.
XS
SM
MD
LG