Accessibility links

Косово соты "адам мүшелерін сатты" деп айыпталғандардың ісін қарап жатыр


Медициналық құрал-жабдық. (Көрнекі сурет)
Медициналық құрал-жабдық. (Көрнекі сурет)
Косово соты "адам мүшелерін сатты" деген айып тағылған жеті адамның ісін қарап жатыр.

Қылмыстық істі жүргізген тергеушілер бұл жеті азаматқа "Молдова, Қазақстан, Ресей және Түркиядан донор болатын адамдар іздеп, олардың әрқайсысына 15 мың еуро көлемінде ақша төлеуге уәде еткен" деген айып тағып отыр. Прокуратураның деректері бойынша, 2008 жылы Приштина қаласының ауруханасында адам мүшелерін ауыстыру мақсатында кемінде 30 заңсыз операция жасалған.

Сотта істері қаралып жатқан жеті азамат өздеріне тағылған айыптарды мойындамай отыр.
XS
SM
MD
LG