Accessibility links

Шымкентте ІІІ паралимпиадалық ойындар басталды


Паралимпиадашы Азамат Оразбек үстел теннисінен өткен жарыста. Алматы, 24 қыркүйек 2011 ж. (Көрнекі сурет)

Паралимпиадашы Азамат Оразбек үстел теннисінен өткен жарыста. Алматы, 24 қыркүйек 2011 ж. (Көрнекі сурет)

Шымкенте бүгін Қазақстанның ІІІ паралимпиадалық ойындары басталды. Оған елдің әр аймағынан келген 500-ден астам спортшылар қатысып отыр.

Ұйымдастыру комитетінің ақпаратына сәйкес, бұл жарыста жеңіл атлетика, волейбол, жүзу, пауэрлифтинг, нысана көздеу және үстел теннисі сияқты паралимпиадалық алты спорт түрінен 523 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Шымкенттегі жарыс - 2012 жылы Лондонда өтетін Паралимпиада ойындарына лицензия алу үшін өткізілетін бәсекеге дайындық кезеңі.

Қазақстанның ІІІ паралимпиадалық ойындары қазанның 9-ына дейін жалғасады.
XS
SM
MD
LG