Accessibility links

Қазақстан парламенті бюджет өзгерісі туралы заң қабылдады


Қазақстан парламенті cенатының жалпы отырысы. (Көрнекі сурет)

Қазақстан парламенті cенатының жалпы отырысы. (Көрнекі сурет)

Қазақстан парламентінің сенаты бүгінгі жалпы отырысында «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдап, президентке қол қоюға жіберді.

Нақтыланған бюджетте жалпы ішкі өнімнің өсімі ақпан айындағы болжамнан 2 пайызға өсіріліп, 7 пайыз көлемінде бағаланды. Мұнайдың әлемдік орташа бағасының болжамы 65 доллардан 90 долларға дейін ұлғайтылды.

Инфляция дәлізі 6-8 пайыз деңгейінде болады деп белгіленді. Ал республикалық бюджет түсімдері бұрынға көрсеткішпен салыстырғанда 183,3 миллиард теңгеге ұлғайып, 4 триллион 439 миллиард теңге көлемінде нақтыланды.

Жаңа заңға сәйкес, бюджет тапшылығының жалпы көлемі 730 миллиард теңге деп бекітілді. Бұл Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 2,8 пайызын құрайды.
XS
SM
MD
LG