Accessibility links

Африка мен Орталық Америкада кісі өлтіру қылмысы жиі болады


БҰҰ белгісі. (Көрнекі сурет)

БҰҰ белгісі. (Көрнекі сурет)

Африка мен Орталық Америка елдері әлемде кісі өлтіру қылмысы ең көп жасалатын мемлекеттер ретінде аталып отыр. Бұндай мәлімет әлем бойынша кісі өлтіру қылмысына қатысты тұңғыш зерттеу жүргізген БҰҰ-ның есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының есебінде жарияланды.

Ұйымның деректеріне сәйкес, былтыр әлемде 468 мың адам өлімі тіркелсе, ол қылмыстың 36 пайызы – Африкада, 31 пайызы Америка құрлығында жасалған. Әлемде кісі өлтіру көрсеткішінің 27 пайызы Азияға тиесілі, ал Еуропаның үлесі 5 пайыздан аспайды.

Батыс елдері мен Азияда кісі өлтіру саны азайғаны байқалады, бірақ Кариб аймағы елдерінде олардың саны "шарықтау шегіне" жеткені айтылып отыр.

Әлем бойынша кісі өлтіру қылмысының орташа көрсеткіші әр жүз мың адамға 6,9-дан келеді. Кісі қолынан мерт болғандардың 80 пайызы - ер адамдар, алайда тұрмыс жағдайында зорлық-зомбылыққа ұшырайтындардың басым көпшілігін әйелдер құрайды екен.
XS
SM
MD
LG