Accessibility links

Кабулда шетел әскерінің елден кетуін талап еткен шеру өтті


Шетел әскерінің дереу елден кетуін талап еткен наразылық шеруі. Кабул, Ауғанстан, 6 қазан 2011 ж.
Шетел әскерінің дереу елден кетуін талап еткен наразылық шеруі. Кабул, Ауғанстан, 6 қазан 2011 ж.
Бүгін Ауғанстан астанасында шетел әскерінің елден дереу кетуін талап етіп наразылық шеруіне шыққан бірнеше жүз адам Америкаға қарсы ұрандатып, АҚШ туын өртеді.

Қазанның 7-і күні АҚШ бастаған халықаралық коалиция күштерінің Ауғанстанға кіргеніне он жыл толады. Сол кезде осы елді басқарған тәліптер 2011 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-қа қарсы жасалған террорлық шабуылдарға қатысы бар деген күдікке ілінген Усама бин Ладенді америкалық заң орындарына беруден бас тартқан соң, АҚШ пен батыс елдерінің қарулы күштері оларға қарсы арнайы операция бастап, көп ұзамай тәліптер билігін құлатқаны мәлім.

Қазіргі кезде Ауғанстанда тұрған 140 мың адамдық шетелдік әскерилердің басым көпшілігі - АҚШ сарбаздары.
XS
SM
MD
LG