Accessibility links

Үкіметтік емес ұйымдар жиынына барғаным


Блогшы Ерлан Оспан.

Блогшы Ерлан Оспан.


І. ҮКІМЕТТІК ЕМЕС, БІРАҚ – ҮКІМЕТТІК...

Бүгін Астана қаласында «Азаматтық Альянстың» ұйымдастыруымен Үкіметтік Емес Ұйымдардың (ҮЕҰ) 20 жылда бітірген жұмыстарының қорытындысы іспетті конференция өтіп жатыр. Жеке өзім пәлсапалық күйзеліспен бардым десем де болғандай, себебі үкіметтен қаржы алып – қалайша «үкіметтік емес» деген айдар алуға болатынын түсінгім келді. Әрине, ҮЕҰ туралы жақынырақ білуге де ынта бар.

Алдымен, «Қазақстанда 35 мың коммерциялық емес ұйым бар, оның 18 мыңы – үкіметтік емес ұйымдар» деген саннан тұратын ауыр артиллериядан атқылағаннан кейін, төрдегілер «неге жиналып отырмыз?» деген сұраққа жауап беруге көшті.

Жалпы, конференцияның әрленуінен көзі қарақты оппозиционер секем алса да болғандай: қабырғада – «демократия – алдымен жауапкершілік» "Нұр Отан" партиясының хатшысы Ерлан Қарин. Астана, 13 қыркүйек 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

"Нұр Отан" партиясының хатшысы Ерлан Қарин. Астана, 13 қыркүйек 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

дегенге саятын — биліктің елдегі демократияның ақсақтығын ақтайтын қанатты сөз, ал төрде – шын айтам, өзім күтпедім: Ерлан Қарин мырза! Үкіметтік Емес Ұйымдар мен Ерлан Қарин?! Бірақ, «ешкіні қасқырға тапсырыпты» деген әфсана толығымен есіме түсіп болған жоқ: мен сияқты қарапайымдардың ҮЕҰ дегеніміздің не екенін әлі де түсінбейтіні тілге тиек етілді. Иә, Үкіметтік Емес Ұйым тіпті табысты дерліктей Үкіметпен де, ендеше – билікпен де жұмыс жасай алатын көрінеді-мыс.

Екінші кезекте сөз алған Ресейдің «Фонд Эффективной Политики» қорының өкілі жариялылық пен билікпен қарым-қатынас туралы кіріспе
...кіріспе сөзін қарымды да пафосты бастағанымен, Путиннің таққа дәмесі есіне түсіп кетті ме, аяңдап қалды

сөзін қарымды да пафосты бастағанымен, Путиннің таққа дәмесі есіне түсіп кетті ме, аяңдап қалды. Басындағы мақсаты біздерде мынадай бар, мынадай бар деген мақтан болса керек; дегенмен кей тұстарда біздікінен де төмендеп бара жатқан ресейлік демократия тамағына кептелгендей болды.

Айтпақшы, Ресей мен Қазақстанда Үкіметтік Емес Ұйымдарға сенім төмендеп кеткен көрінеді, және оның объективті себеп-салдары түсіндірілген болды. Жеке өзім ондай сенім қашан жоғары болғанын есіме түсіре алмадым.

Беташардың аяғына қарай көңіліме бір күдік сап ете қалғаны. «Осы билік дінді жаманды-жақсылы тәртіпке салып болып, енді Үкіметтік Емес Ұйымдарға көшіп жатқан жоқ па?» деген! Оған Ерлан Қариннің ұсыныс іспетті ойы түрткі болды. Мысалы, «кейбір партиялар партия болғаннан гөрі – Үкіметтік Емес Ұйым болса, қоғамға көбірек пайда әкелер ме еді?» дегені. Мысалға мамыражай да жап-жасыл Мэлс Елеусізов және оның ізгі шаралары алынды.

Жалпы атмосфера баяғы: «бәрін жасап жатырмыз, тек халық түсінбейд, түсіндірме жұмыстарын жүргізу керек». Осы сөздерге қарап, соншама
Сонымен, ойлау және түсіну сияқты аса интимді адами функцияларымызды да билікке тапсырып қалатын шығармыз жақында.

топас халықпыз ба деген де күдік туды. Сонымен, ойлау және түсіну сияқты аса интимді адами функцияларымызды да билікке тапсырып қалатын шығармыз жақында. Сол кезде барып «Көшпенділер» атты пленкамыз басқа қырынан көрініп, тағы бір жасап қалар ма екенбіз, бәлкім.

Стандартты сөз саптауды кімнен болса да, американдық өкілден күтпеп едім. «Жаңа технологияларды елдің қоғамдық өмірінде қалай пайдалануға болатынын үйретем» дей ме, әйтеуір өз жұмысына саяси реңк беруден ат-тонын ала қашқандай.

Алғашқы отырыстардан-ақ қитұрқы сұрақтар да қылаң берді. Мысалы, «Адам» Қоғамдық Қорының Президенті: «Үкіметтен ақша алсақ, желкемізден шығарад, өз дегендерін істетед» деген іспетті назды сұрақ қойылды. Мәдениет Министрлігінің шенеунігі оған таптаурын болған сөздік құрылымдармен жауап беріп болам дегенше, менің мобилама қоңырау келіп, далаға шығуға мәжбүр болдым.

Қазір түскі үзіліс. Не ғой, ақыры түсінбедім: үкіметтен ақша алып, қалайша «Үкіметтік емес» деген айдар тағуға болад, а?

(Жазба Керекинфодан алынды).

ІІ. ҮЕҰ: ТҮЙЕ ҚОМЫНДАҒЫ ҚОЗҒАЛЫСТАР

Жемқорлық, асыра сілтеу, бармақ басты-көз қысты әрекеттер, жең ұшынан жалғасу... Тұра тұр, сүтқоректілердің шенуніктер отрядына қатысты кезекті зарлы әңгіме емес. Сөйтсек, мұндай келеңсіздіктер Үкіметтік Емес Ұйымдарда да болып тұрады екен! Рас, шенеуніктер сияқты қаржы полициясы масқара қылмай-ақ, өздері мойындап отыр. «Азаматтық Альянстың» ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан конференцияның «Даму саласындағы аңыз бен ақиқат» атты секциясында айтылған фактілерден, Үкіметтік Емес Ұйым деп аталатын ең транспарентті ұйымдарды да жемқорлық іспетті құрт дендегенін көресің.

Оқымыстылардың күдігі

Гуманитарлық ұйымдар мен олардың қызметтері жөнінде барлығымыздың ең қажетті деген хабарымыз бар. Жапонияда топан су — олар сонда; Африкада аштық — олар сонда. Иә, ізгілік пен иман итермелеген жандарға қол соқпасқа шара жоқ.

Дегенмен, мұндай жанқияр ізгіліктің артынан алысқа кеткен жоспарларды көретіндер де жоқ емес. Мысалы, АҚШ-тық «SowHope» қайырымдылық ұйымының жетекшісі Мэри Д. Браун оны ашық мойындады. "Әрине, -дейді ол, — біз бәрібір өз мемлекетіміздің мүддесін арқалап жүретініміз рас". Емеурінмен болсын, әйтеуір Америка екеш Американың да мемлекеттік мүдде жолында азаматтарын қысқа шынжырмен ұстап отырғанын білдіртіп қалды.

Ал енді, Үкіметтік Емес Ұйымдардың жұмысына тек күдік-үміт білдіртіп қана қоймай, ғылыми аппаратпен жарақтанып алып шүйлігетіндер де бар. Бұлардан енді адамсүйгіштік періште кейпіңмен құтыла алмайсың. Қалт айтқызбайды, айтқаныңнан және жалтартпайды. Мысалы, «Дімкәс көмек» Үкіметтік емес ұйымдардың жиыны. Алматы, 30 қараша 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Үкіметтік емес ұйымдардың жиыны. Алматы, 30 қараша 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

атты кітаптың авторы Дамбиса Мойо, халықаралық гуманитарлық көмек көрсету Африка елдерінде, тіпті, коррупцияның гүлденуіне әкеліп соқты дейді! Ал керек болса! Жығылғанға жұдырық керек болса, ол да бар: Нью-Йорк Университетінің профессоры, әрі Дүниежүзілік Банкте үлкен еңбек өтілі бар Уилям Истерлей «кедейшілік және маляриямен күреске деп бөлініп жатқан алапат қаржы әншейін желге ұшып жатыр» дейді! Көшедегі біреу айтса, «қойшы, әй, сен де!» дер ме едік, бірақ назар аударыңыз: бұл пікірді үлкен қаржылық көмектердің бас координаторы — Дүниежүзілік Банктің бұрынғы болса да қызметкері айтып тұр ғой! Және сол ізгілік пен адамсүйгіштік мақсатпен қаржы бөлген донорлардың өзі — жәй, ақша шаятын алаяқтар емес пе деген ойға әкеледі.

Айта кету керек, ҮЕҰ өкілдері аталмыш проблемаларды тек констатация жасап өтті. Өзінен-өзі сұранып тұрған «ендеше қалайша жұмысты мейлінше ашық жүргіземіз?» деген сұрақты үнсіз келісіммен айналып өтті. Бәлкім, ондай әдіс жоқ та шығар.

«Көкелер»

Пікірталас ортасына қарай халықаралық гранттарды ұдайы ұтып ала беретін пысықайлар туралы да әңгіме болды. Бұл енді тіпті қызық.

Сұрақтың жарасын тырнаған — «Қазақстан Дағдарыс Орталықтары Одағының» төрағасы Зульфия Байсакова болатын. Ол мейлінше әдепті түрде «халықаралық гранттарға қолы жететіндердің дені біртекті сияқты...» деп ымдағандай болып еді, спикер іліп әкетіп, мынадай сұмдықты жайып
Сөйтсек, Қазақстандық ұйымдар мен жеке тұлғалардың халықаралық гранттарға жолын кес-кестеп жүргендер… БҰҰ сияқты ұйымдарда қызмет ететін шенеуніктеріміз екен!

салды. Сөйтсек, Қазақстандық ұйымдар мен жеке тұлғалардың халықаралық гранттарға жолын кес-кестеп жүргендер… БҰҰ сияқты ұйымдарда қызмет ететін шенеуніктеріміз екен! Айталық, UNICEF, UNIFEM әлде UNESCO әлдебір грант бөлді делік. Оны алғаш еститін кім? Дұрыс — сонда жұмыс істейтін өкіліміз! Ендеше өзі әлде сыбайластары арқылы тездетіп ұйым құрып жіберіп, грантты кейде бірнеше гранттарды оңды-солды ұтып ала беретін көрінеді. Ал елдегі ұйымдар грантқа үміткерлік білдірмек түгілі, барын да білмей жүре береді. Сонымен, шетелдік миссиядағылардың артына да шам жағып қойған дұрыс.

«Қарағым, жылыт, тамақ бер...»

Грант алуға қарекет қылудағы сауатсыздық мәселесі де тілге тиек етілді. Сауатсыздық емес, қомағайлық десем дәлірек болар. Мысалы, бір ұйымға гранттан үміткерлер… 121 мың доллардың бағдарламасын әкеліпті. Жастарға қатысты бағдарлама көрінеді. Сөйтіп, сарапшылар жобаны зерттеуге ашып қалса, тек 20 мың доллар ғана «жастарды дамытуға» екен де, қалған 100 мың доллар — офис шығындары мен жалақы екен! Әрине, жобасынан гөрі құлқыны қымбат мұндай жобаларға көк тиын да бұйырмайды. Бірақ қызығы сол, осы тақылеттес ұсыныстар тіпті толастамайды дейді. Тисе терекке дейтін шығар бәлкім…

ҮЕҰ сарапшылары жалпы соңғы жылдары халықаралық қаржылай гуманитарлық көмектің күрт төмендеп кеткенін айтып отыр. Әрі бюрократиялық шырғалаңдар да көбейгенге ұқсайды. Бұрынғыдай меценаттар жоқ, «қазір менің сыбызғыма биле» деп талап етеді дейді. Әйтеуір, шетелдік ұйымдар адамның аярлығына алғаш кездесіп отырғандай әсер қалдырды. Онсыз да төлеушінің сойылын соғатын біздің ұйымдар бұған дәнеңе деп пікір білдірмеді. Мұхиттың ар жағынан келген әріптесінің надандығына қайран қалған болар…

(Жазба Керекинфодан алынды).

ІІІ. ҮЕҰ: «АЛАЯҚ» ИНДЕКСТЕР

Бүгін Үкіметтік Емес Ұйымдардың келесі бір секциясында мамандар сандық көрсеткіштерге шүйлікті.

Лирикалық шегініс: жазған құлдарыңызға да материалдық болмаса (тонна, килә, шақырым), гуманитарлық сандық көрсеткіштер айдың ар жағындағы түсінік болып жүр еді. Мысалы, «Адамның Даму Индексі» дегенді қалай түсінуге болады? Хех: «Бауыржанның даму деңгейі 0,7» деген шынымен
«Бауыржанның даму деңгейі 0,7» деген шынымен бір-түрлі ғой: не жарымес екенін, не данышпан екенін бірден ұға алмас едіңіз.

бір-түрлі ғой: не жарымес екенін, не данышпан екенін бірден ұға алмас едіңіз.

Әлқисса! Халайық, мұңаймаңдар! Тіпті Өмір Сүру Сапаңыз нөл бүтін мыңнан бір десе де! Себебі, мына ұйымдар өздерінің сандық көрсеткіштеріне өздері күдік білдіріп жатыр! Әрине, жай ғана сандық көрсеткіштерге емес, бірнеше көрсеткіштердің қорытынды-синтезі болып табылатын агрегаттық көрсеткіштерге.

Оның үстіне кейбір ұйымдар өз жұмыстарын жақсы жағынан көрсету үшін, өздері индикатор жасап алатын көрінеді. Ресейлік маман Ирина Ефремова-Гарт оған қызықты мысал келтірді. Айталық, біреулер «Аэропорттағы қызмет көрсету сапасы индексін» енгізіпті. Ол былай екен: бірінші мінген жолаушының жүгін қабылдаған уақыт пен бірінші түскен жолаушының жүгін қолына алған арасындағы уақыт. Керемет: бұл уақыт неғұрлым қысқа болса, соғұрлым жақсы. Дегенмен жаңа көрсеткіш жолында әккі аэропорт менеджерлері айлаға көшіпті. Олар жүк тасушыларға, қонған ұшақтағы бірінші шыққан жолаушының жүгін бірінші әкеліп беруді бұйырып қойыпты. Ендеше, көрсеткіш жоғары, ал сапа баяғы боп қала берген екен!

Жекелеген салдар болса жақсы ғой, бірақ кейде тіпті адам нанғысыз көрсеткіштер болады екен. Мысалы, бір ұйымның көрсеткіші бойынша, Түркіменстандағы Адам Дамуының Индексі… Орта Азия, Азиясы несі – Ұлыбритания мен АҚШ-тан жоғары болып шыққан. Бұл енді аздап намысқа тиетін жәйт, ендеше теледидар-қазит-радио айтатын түрлі индекстерге сонша мән беріп, жүйке жұқартпаңыздар, хы-хы-хы-хых.

Осы жерде менен де бір бұйымтай болды. Экономикалық «жан басына шаққанда 10 тонна астық өндірілді» деген көрсеткіштердің объективтілігі қаншалықты? Біреу қоқыс жәшігінен нәпақа айырып, ал біреу – таңғы асқа қара уылдырық жейді дегенім ғой. Дифференция жасау дұрыс емес шығар, социлогия ілімі өзін сарқып біткен жоқ па осы деймін де баяғы. Бұған жауап беруге онша құлық танытпады: спикер менің тақырыптан лағып бара жатқанымды ыммен білдірді (сұсты екен, дегенмен).

Әңгіме көрсеткіштерден – қажеттілік туралы саяси-пәлсапалық сарынға ұласты. Айгүл Соловьева ханумды қазақшаласам, шамамен: «Ауылдық Парламент депутаты Айгуль Соловьева. Алматы, 12 қараша 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Парламент депутаты Айгуль Соловьева. Алматы, 12 қараша 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

жерге Опера-балет театрын салмақ болғандар да баршылық, тек ақша берсең болды» дегенге саяды. Мұндай көріністер әсіресе Батыс Еуропа–Батыс Қытай транспорттық дәлізінің жолында жатқан елді-мекендерге тән екен. Айталық, әккі мердігерлер бюджеттен бірдеңе қылып жырып, жүз үйден тұратын елсіз ауылға клуб, мәдениет үйлерін салып береді екен. Екен дегенде, солар жаңалық ашып отырған, әйтпесе Сіздердің оны былай да білетіндеріңізге күмәнім болған жоқ. ҮЕҰ неге осындай жәйттерді қадағаламайды деп кейиді Соловьева ханум.

Очм, шенеуніктер со баяғы «менің компетенциямдағы сұрақ емеспен» лақтырып кетті біразымызды. Бір маужырап тұрғанымда, Үкіметтік Емес Ұйымдардың алғаннан гөрі берері көп екені фактілермен дәлелденіп жатыр екен. Мысалы, АҚШ-тың әйгілі «911» қызметі – дәл осындай ҮЕҰ жұмысы екен! АҚШ енді ертегілер елі ғой, жеке өзім отандық ҮЕҰ негізін қалаған бірде-бір институтты есіме түсіре алмадым (оны енді мамандар әлі жас мемлекет екендігімізбен түсіндіріп жатыр).

Әйтеуір көңілімде жүрген гуманитарлық коэффициенттер мен индекстерге деген күдігім расталып, тіпті көңілденіп екі кесе кофе ішіп тастадым. Шынымен, Ромаға тиіспеңдер: бәлкім IQ көрсеткіші 10 пайызға да жетпес, бірақ кейде тез шешім қабылдап, тұмсығыңнан періп жібергенде, эволюция баспалдағының жоғарысында тұрған IQ жоғары азаматтарды есінен тандырып жібереді…

Арнайы Керекинфо үшін тегін фуршет-тұрыпішер мен сансыз кофе-брейктерден ұялмай тек қазы мен жаясын теріп жеп қайтқан Ерлан Оспан.

(Жазба Керекинфодан алынды).

ІV. РЕНЖІМЕҢДЕР, БІРАҚ ТАҒЫ ДА – ҚАЗАҚ ТІЛІ ТУРАЛЫ

Құпиямды ашайын. Кешеден бері не жүріс дегендерге (келіншегім оқып отырса — дұғай сәлем!). Үкіметтік Емес Ұйымдардың мәжілістерінің біріне, Вашингтон университетінде (жақшаның ішіне АҚШ деп көрсетпей кетсем ше, хых-хых-хых)… қазақ тілінен (!) сабақ беретін Талант Мауқанұлы деген маман келеді деп еді. Профессор, үш тілді жетік меңгерген (қалған екеуі: қытайша мен ағылшын). Қазақ тілінен сабақ беретін адам көрмей жүрсің бе деме: брошюрада оның, сабақтарды оқытуда мультимедиалық тәсілдер қолданады деді ғой! Ал мультимедиалық технологиялар енді — менің «кәйпім» (егер мультимедиалық технологиялар біреудің әйелі болса, мен оны алып қашар едім, ал керек болса тіптен! ). «АҚШ қатты озып кеткен жоқ па?» деген күдік те бар баяғы.

Мұхиттың ар жағынан пенде не күтеді? Баяғыда гуманитарлық көмек еді, қазір шүкір – технологиялық жаңалық күтеміз. Шынын айтқанда кішкентай бала құсап, робот-гоботтар арқылы оқытатын бірдеңе көремін деп бардым (ұялған күлегеш). Оңнан солға, жоғарыдан төмен сандық форматқа өтіп кеткен қоғамның оқыту әдістері шалқамнан құлатып, есімнен тандырар деп бардым ғой мен.

Профессор мырза әуелден-ақ «брошюрада мен туралы ақпарат дұрыс берілмепті» деп, шулатып қоя берді. Мені қойшы, шопыр семіртіп келген педагог-мамандардың мұңайып қалғаны-ай! Дегенмен, жанама түрде болса да жаңалық естірміз деп отыра бердік.

Профессор Талант Мауқанұлы мырза бісмілләсін еліміздегі тілдің жағдайынан бастады. Ол тақырыптан тіпті тілге жауапты шенеуніктер де жеріп біткен екен: «Слайдыңызды көрсете беріңіз!» деді. Слайдтың орнына – Internet Explorer-де ашық тұрған бір сайтты көрсете бастады. Қайсыбір tube-пен орнатылған видеодағы «пләйді» бассаң, о, ғажап! – бальзак жасындағыларға «қызым-ау!» деп сөйлейтін кейуана қазақша сөйлейді! Тіпті паузаға да қоюға мүмкіндік бар! Ерікті-еріксіз түрде болса да, анау-мынау Ақпараттық Технологиялардан аздап таныстығы бар біздер үреймен: «Болғаны осы ма?» дедік. Қорқынышты жауап көп күттірмей, ауаны осып өтті: «Осы...».

Дегенмен, бос отырыс болды десем күнәһар болармын. Спикердің өзінен гөрі, келген тіл мамандарының өзара айтыс-тартысы өте-мөте қызықты Үкіметтік емес ұйымдардың 6-форумы. Алматы, 6 қазан 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Үкіметтік емес ұйымдардың 6-форумы. Алматы, 6 қазан 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

болды. Айталық, орыстілді қатысушылардың бірі, қазақ тілін оқуға құштарлығы, ал соңғы кездері тіптен мәжбүрлігі барын, бірақ қарапайым да түсінікті оқу құралдарын күндіз шаммен таба алмай жүргенін айтты. «Неге жоқ дейсіңдер, толып тұр, тек құлшыныс керек». Кім айтқанын үш реттен тапшы? Дұрыс, тіл шенеунігі айтты.

Тағы бірі тілдер оқытуда қазақ-түрік лицейлерінен үлгі алуымызды талап етті. Қызы алты айда қазақша сайрап кетіпті-міс. Ізгі ниетті азаматша қазақ-түрік лицейлері оқыту әдістемесін ұстата қоймайтынын білмейтін болса керек.

Бағдарламаның шегесі дейтін бе еді, сол сияқты отырыстың тұздығы – Оңтүстік Қазақстан өкілінің сөзі болды. «Бізде қазақ тілін оқыту деген проблема атымен жоқ!» деп бастаған оны, таза рефлекспен ду қол
...таза рефлекспен ду қол шапалақпен қолдап жібергеніміз сол еді...

шапалақпен қолдап жібергеніміз сол еді, «тұра тұрыңдар, бұл жетістік емес, проблема болып тұр!» деп, кесіп тастады. Сөйтсек, таза қазақшаға көшу жолында аша тұяқ қалмағанша асыра сілтеп, Оңтүстік Қазақстанда басқа тілдермен араласудан туылатын жаңа сөздерден, жалпы әлемдік тенденциядағы бағдардан айырылып қалыпты. Оның үстіне терминдерді әркім өзінше аударып, жүйелілік жоқтықтан тіл саласы қойыртпақ-шытырманға айналыпты-мыс. Әлқисса, дами алмай жүргендер енді қатты дамып кетудің қаупін көріп, тіпті шатасып кетті.

Не бастарыңды ауыртайын: сонымен, қазақ тілі со баяғы жартастың қасында, сол арбадағы сол көк қалтада жатыр екен. Ешқайда қашпайды, қорықпаңдар...

(Жазба Керекинфодан алынды).
XS
SM
MD
LG