Accessibility links

Халықаралық ұйымдар түркімен журналисін түрмеден босатуды талап етті


Азаттық радиосы түркімен қызметінің тілшісі Дәулетмұрад Язкулиев. 15 шілде 2011 ж.

Азаттық радиосы түркімен қызметінің тілшісі Дәулетмұрад Язкулиев. 15 шілде 2011 ж.

"Журналистерді қорғау комитеті" және "Шекарасыз тілшілер" халықаралық құқық қорғау ұйымдары Түркіменстан билігінен Азаттық радиосы түркімен қызметінің тілшісі Дәулетмұрад Язкулиевті дереу бостандыққа шығаруды талап етті.

Кеше Ашғабат соты Дәулетмұрад Язкулиевті "өз отбасы мүшелерінің бірін өзіне өзі қол салу дәрежесіне дейін жеткізгені үшін айыпты" деп тауып, оны бес жылға түрме жазасына кесу туралы үкім шығарған еді. Журналистің туыстары мен әріптестері билік Язкулиевті кәсіби қызметін атқарғаны үшін қудалап отыр деп санайды.

43 жастағы Дәулетмұрад Язкулиев биыл Ашғабаттың маңында қару-жарақ қоймасында болған жарылыстың жай-жаспары туралы түркімен журналистерінің арасында алғаш болып хабар таратқан еді. Сондай-ақ ол құқық органдарындағы жемқорлық жайлы жазған.

Халықаралық ұйымдардың мәлімдемесінде журналистің тағдырын түркімен билігі бірнеше сағаттың ішінде шешкені айтылып, "бұл жалған сот процесі Түркіменстандағы сот билігінің озбырлығын тағы бір рет көрсетті" делінген.
XS
SM
MD
LG